Астанадағы Ұлы дала даңғылында көлік қозғалысы 2 сағатқа шектелді

Астанадағы Ұлы дала даңғылын қарғын су басып, 2 сағатқа көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды 24KZ.

Оған көше бойында орналасқан қар полигонындағы ақ ұлпаның күрт еруі себеп. Дегенмен қазір жағдай қалыпты, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жиналған қарғын суды тез арада сорып, қатынасты қалпына келтірді. Ол үшін 18 техника мен 30 адам және 5 мотопомпа жұмылдырылды.

Қазыбек Мизамхан, «Elorda Eco System» МКК маманы:

- Қыста полигонға қар жиналған, сол жиналған қар еріп, дамбыны жырып, жолға шығып кетті. 18 техника 2 мың текше метр су тартылды. 5 мотопомпа жұмыс істеді. 3 мың текше метр су лақтырды. 2 сағатқа жол жабылды, қазір жағдай қалпына келді. Жол ашылды, жолдағы судың бәрі сорылып алынды.