Сыбайлас жемқорлық: 2 мемлекеттік қызметкер ұсталды
«Алматы Су» мекемесі бас директорының орынбасары пара алу күдігіне ілікті.
Ол орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және мемлекеттік сатып алулардың жасалған шарттары бойынша қаражат төлеу үшін жергілікті кәсіпкерден бұрын келісілген 345 млн теңгенің 75 млн теңгесін алған. Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысын жемқорлық әрекетке қатысты күдікпен ұстады. Ол келісімшартты ұзартуға және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайту рұқсатына қол қойғаны үшін пара алған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда, тергеу жалғасып жатыр.