Шымкенттік шаруалар көмек сұрап отыр
Биыл Шымкентте егістік алқап 500 гектарға кеміді.
Себебі шаруалардың салықтық берешегі көбейіп, есепшоттары бұғатталған. Салдарынан жеңілдетілген жанар-жағармай мен минералды тыңайтқышқа берілетін субсидиядан да қағылып отыр. Қала мегаполис мәртебесін алғаннан кейін жер салығы гектарына 90 теңгеден 91 мың теңгеге бір-ақ шығып, қордаланған қарыз миллиардтаған сомаға жеткен. Қала әкімдігі салықты төмендетуге қатысты мәслихат депутаттарына ұсыныс жасады. Бірақ заңнама аясында тек 50%-ке дейін төмендетуге шешім қабылданған. Ал шаруалар бұл жеңілдік тірлікті тіктеуге көмектесе алмайды деп отыр.
Манасбай Бекбауов, шаруа қожалығының төрағасы:
- Не солярка ала алмаймыз. Дәрілерді де, не техниканы ала алмаймыз жаңартайық десек. Қазір техникаға да субсидия беріп жатыр 30-35 пайыз. Есепшот жабық болған соң оған ешқандай әрекет ете алмаймыз. Жерден әңгіменің ашығын айтқанда құтыла алмай отырмыз. Гос актіні де алмай отырмыз.
Жәнібек Тоғай, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы:
- Бірақ оның өзі бұл кісілерге ауыр. Сондықтан барлығын тоқтатып, Үкіметке хат жаздық. Қала әкіміне түсіндіріп айтылды. Енді биыл күзге дейін шешіп, біржақты етуіміз керек.