Жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
Отбасы банк 1 мамырдан бастап, бастапқы төлемі 20 пайызды құрайтын жаңа бағдарламаны іске қоспақ.
Мұның шеңберінде 300 млрд теңгеге 12 мың ипотекалық несие, одан кейін жыл сайын 200 миллиард теңгеден 8 мың несие беру жоспарлануда. Несие әлеуметтік жағынан осыл азаматтар үшін жылдық 7 пайызбен және басқа санаттағы азаматтар үшін 9 пайызбен беріледі. Сондай-ақ «7-20-25» бағдарламасы бойынша 100 млрд теңгеге 5 мыңнан астам ипотекалық несие берілмек.