Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Бұл операцияны Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері бірлесіп жүзеге асырды.
Күдікті 2020-2023 жылдар аралығында еліміздегі құрылыс компаниясының басшысы болған. Ол Астана қаласында премиум санатындағы пәтерлерді салу және сату сылтауымен 200-ден астам үлескердің 4,3 млрд теңгеден астам қаражатын ұрлап кеткен. Қылмыс жасағаннан кейін күдіктінің ізін суытуына байланысты халықаралық iздестiру жарияланған болатын.
Ерлан Жанпейсов – ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі
- Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық топтың басқа сыбайлас қатысушылары өткен жылдың соңында ұсталып, қазіргі таңда оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.