«Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы басталды
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы басталды.
Жоба мақсаты – халық арасындағы, соның ішінде ауылдық елді мекендерде цифрлық, қаржылық, тілдік, компьютерлік сауаттылық деңгейін волонтерлік көмек пен бейресми оқу әдістері арқылы арттыру.
Жоба аясында 17 облыс пен республикалық маңызы бар қалалардан цифрлық, қаржылық, тілдік, компьютерлік сауаттылық бойынша қажетті құзыреттер жиынтығы бар 2000 еріктіні конкурстық іріктеуден өткізу жоспарлануда. Таңдалған волонтерлер сарапшы тренерлердің қатысуымен оқу курстарынан өтеді, одан кейін дайындалған волонтерлар әртүрлі халық топтарынан, соның ішінде ауылдық жерлердегі 5000-нан астам адамға өз аймақтарында тренингтер, курстар, семинарлар, шеберлік сабақтар түрінде оқу іс-шараларын өткізеді, дейді ұйымдастырушылар.
Күнделікті өміріңізге пайдалы тапсырмаларды қосуға және мақсаттарыңызға жету үшін өміріңіздің сапасын жақсартуға кедергісіз өтуге бағытталған 100 күндік «Жастар таңдауы» марафоны өтеді. Кем дегенде 100 адам қатысады деп жоспарланған.
Жоба аясында халықтың әртүрлі топтарын цифрлық, қаржылық, тілдік және компьютерлік сауаттылыққа үйретуде волонтерлік бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған шағын гранттар байқауы өткізіледі. Жалпы сомасы 9 млн теңге болатын 30 шағын грант беріледі. 5 ай ішінде грант иегерлері өздерінің әлеуметтік бастамаларын жүзеге асырады. Соның ішінде кем дегенде 3 үздік жобаны одан әрі қаржыландыру үшін әртүрлі ұйымдардан, бизнес құрылымдары тартылады.
Түрлі номинациялар бойынша үздік, белсенді волонтерлер, жүзеге асырылған шағын гранттар арасынан үздік жобалар ел астанасында өтетін қорытынды форумда марапатталады.