Шымкенттен Жайық жеріне 20 тонна жүк жетті
Су тасқыны басталғалы Батыс Қазақстан облысына еліміздің әр түкпірінен гуманитарлық жәрдем тоқтаусыз келіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Сауапты істен Қазақстан халқы Ассамлеясы да шет қалған емес. Ассамблея құрамындағы этномәдени бірлестіктердің бастамасымен Оралға жалпы сомасы 300 миллион теңгенің 190 тоннна жүгі барған. Шымкент қаласынан жолға шыққан 20 тонна жүк Жайық жеріне жетті. Азық-түлікпен қатар киім-кешек, төсек-орын зардап шеккен тұрғындарға үлестіріледі.
Айгүл Түркина, «Қоғамдық келісім» КММ директоры:
- Шымкенттен екінші көлік келіп жатыр. Біздер ауданға жібереміз және топпен саяжайшыларға жібереміз. Олардан өтінім жинап аламыз. Өтінішіміз қамтамасыз еткесін хабарласамыз. Олар келеді, видеофиксация жасаймыз. Видеофиксация жасап болғасын олар кетеді. Кеткесін ана жақтан бізге жібереді. Біздер мынадай кісілерге бердік деп.