Солтүстіктегі үйлерді қалыпқа келтіруге 60 млрд теңге бөлінеді
Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендердің үйлерін қалпына келтіруге 60 миллиард теңге бағытталады.
Қаржы Kaspi, Kazakhmys және KAZ Minerals компанияларының қолдауымен бөлінеді. Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев құрылыс барысымен танысып, компания басшыларымен және тұрғындармен кездесті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аталған қаржат пәтер сатып алуға және үй салуға жұмсалатын болады деді Қанат Бозымбаев. Сондай-ақ тұрғындарға мемлекет тарапынан қаржылық қолдау шаралары туралы да айтып берді. Осы күнге дейін аймақтағы 3383 отбасы 100 АЕК көлемінде бірреттік жәрдемақы алды. 1600-ден астам отбасына 600 миллион теңге қосымша төлем қарастырылған. Жалпы су тасқыны басталғалы өңірде 3898 үйді су басқан. Саяжай аумағы да айтарлықтай бүлінді. Облыс әкімдігінің мәліметінше, су басқан үйлердің 40 пайызға жуығы тұруға жарамсыз.