Тасқыннан соң. Коммуналдық төлемді кейін төлеуге болады

Су тасқынынан зардап шеккендер коммуналдық төлемдерді кейін төлейді.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

Еліміздің бірқатар аймағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі әлі жалғасып жатыр. Зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетілуде.

Осы тұста Үкімет тұтынушылардың коммуналдық төлемдерін төлеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Нақтырақ айтсақ, наурыз және сәуір айларындағы төлемдер кейінге қалдырылды. Төлемді тұтынушылар өсімпұлсыз жүргізе алады. Тасқынынан зардап шеккен тұтынушылардың тізімін жергілікті атқарушы органдар жасап береді.