Жаңа заң қалай жұмыс істейді?

Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткендер енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Бірақ бұл балаларды ата-анасынан айыру деген сөз емес. «Национальный интерес» бағдарламасына қатысқан адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев осылай дейді.

Омбудсмен жаңа заңға қатысты қауесетті жоққа шығарып, жалған ақпараттың жолын кесуге шақырды.

Оның айтуынша, елде отбасын сақтау қағидасы берік сақталған. Тиісінше, баланы алып қою оның өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнген жағдайда ғана қолданылады.

Жаңа заң қалай жұмыс істейді? Қыз алып қашу - қылмысқа айнала ма? – бүгін сағат 22.30-да «Хабар» телеарнасындағы «Национальный интерес» бағдарламасынан біле аласыз.