Өскеменде көше шамдары жаңартылады
Өскеменде 2 мыңнан аса көше шамы жаңартылып, жөнделеді, деп хабарлайды 24KZ.
Ал былтыр қойылып, істен шыққан шамдарды мердігер өз есебінен қалпына келтіреді. Жалпы қалада бірыңғай жөндеу қызметі құрылады. Бұған дейін тұрғындар Өскеменнің қараңғы көшелері туралы бірнеше шағым түсірген. Қала билігі бұл мақсатта 2 миллиардтан астам теңге бөліп, жаңа шамдар алған. Бірақ олар ұзаққа шыдамай, істен шыққан. Энергетиктер бұның себебін тозығы жеткен электр желілерімен байланыстырады. Енді қалада 60 шақырым кабель мен 2 мың баған ауыстырылады.
Қанат Самарқанов, электр желісін пайдалану бойынша маман:
- Көше жарықтандырудың жұмыс істемеу себебі көп кабель, жаңартылмаған жердің астындағы кабельдер Кеңес Одағы кезінен жасалынған. Қазір солардың бәрін «воздушный линиямыз» төбемен тартып, қосып жатырмыз.