Атырауда студенттер бөгет салуға қатысып жатыр
Атырауда бөгет салу жұмыстарына студенттер де атсалысып жатыр.
Олар 1 айдың ішінде биіктігі 3 метрге жететін 6 шақырымдай бөгет салды. Сонымен қатар студенттер өңірге келген гуманитарлық көмекті тарату жұмыстарына да жұмылдырылған. Ал университет ғалымдары жедел штабтың құрамына кіріп, ғылыми бағыттағы мәселелерді зерделеуге үлес қосып жатыр.
Гүлзада Шакуликова, университет ректоры:
- Басында өте қиын, көлемі үлкен болып көрінгенімен біздің жастарға, өзіміздің әріптестерге үлкен алғысымызды білдіреміз. Эвакуация пункті ретінде біздің университет базасында 350 орын дайын. Бүгінгі таңда 132 жүргізуші, әр ауданнан, әр облыстардан Атырау өңіріне көмекке келген жүргізушілер біздің базамызда тұрып жатыр.