Азық-түлік бағасын реттеу жолдары пысықталды
Өзбекстан мен Тәжікстаннан әкелінетін азық-түлікті делдалсыз дүкендерге тікелей жеткізу маңызды.
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ауылшаруашылық өнімдерін неғұрлым қолжетімді бағамен өткізу мәселесі пысықталды. Әсіресе тасқыннан зардап шеккен аймақтарда азық бағасын тұрақтандыру керек. Осы ретте агенттік төрағасы Асхат Жұмағали жемқорлық дерегін болдырмау мақсатында барлық аумақтық бөлімшелерге тиісті мониторинг жүргізуді тапсырды. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары заңсыз пайда көруді көздейтін құқықбұзушылықтың алдын алуға міндеттелді.