Бишімбаев соты: Байжанов шындық детекторынан өтуге дайын

Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты жарыссөздің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды 24KZ.

Бүгін сот талқылауының екінші кезеңі басталып, ол жабық жағдайда өткізілді. Судья Айжан Құлбаева жарыссөзге БАҚ өкілдері қатыспайтынын және сот отырысының трансляциясы көрсетілмейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ сот залынан алқабилер де шығарылды. Процесте сотталушыларға тағылып жатқан айыптар талқыланды.

Айта кетелік, Қуандық Бишімбаев «аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабы бойынша 15 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал оның туысы Бақытжан Байжановқа қылмысты жасырып қалу бойынша айып тағылған. Бүгінгі сот отырысында ол шындық детекторынан өтуге дайын екенін айтты.