Жылу мәселесі. Тағы да Екібастұз...
12 өңірдегі жылу желілері әбден тозған. Мамандар оларды "қызыл" аймаққа жатқызып отыр.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың сөзінше, әсіресе Екібастұздағы жағдай күрделі. Мұндағы жылу нысандары 90 пайызға ескірген. Павлодардың өзінде 80 пайызға жетіп қалыпты.
Степногорск пен Атбасардағы ахуал да мәз емес. Желілердің тозу деңгейі 70 пайыздан асады.