Абай облысында 5 мың бала лагерьде демалады
Абай облысында жазғы демалыс лагерімен 5 мыңға жуық бала қамтылады, деп хабарлайды 24KZ.
Ал оқуда озат, түрлі сайыстарда жүлделі орын алған 700 балаға тегін жолдама беріледі. Бұған облыстық бюджеттен 242 миллион теңге қарастырылған. Биыл жазда өңірде 10 балалар лагері жұмыс істейді. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін демалыс орындарында бейнебақылау камералары орнатылады. Сонымен қатар биылдан бастап алғаш рет өлкетану топтары жұмыс істейді.
Сәуле Дүйсембекова, облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының әдіскері:
- Мұндай өлкетану лагерлері елімізде жоқ. Осындай 8 лагерь жұмыс істейді. 1500-ге жуық бала қамтылады. Бұл демалыс орындарына Абай облысына қарасты аудандарда орналасқан. Өздерінің бағыты мен жоспары бар әзірленген. Соған сәйкес балалар өңіріміздегі тарихи орындарды аралайды.