Абай облысында қауіпті қоңыз қаптады

Абай облысындағы Мақаншы ауданында қауіпті қоңыздар қаптап жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Жарбұлақ, Қарабұлақ ауылдары мен Алакөлдің жағасы қызыл қоңыздарға толып кеткен. Жәндіктер жайылымдық жерлерді жайпап жатыр. Ауыл тұрғындары алғашында оларды «колорад қоңызы» деп шатастырған. Бірақ ең сорақысы, зиянкестер төрт-түлік малға да шабуылдап жатқан көрінеді. Жергілікті әкімдіктегілер ауылдағы жасыл-желек сақталады деп сендірді. 5 га аумақта дәрілеу жұмыстары жүргізілген. Дезинсекция әлі жалғасады.

Айдын Жыланбаев, «Үржар аудандық аумақтық инспекциясы» мекемесінің бас маманы:

- Әлеуметтік желіде және WhatsApp-та сөз болып жатқан қоңыздың қаптап кетіп, жылқылардың ауырып жатыр деген мәліметі бойынша таңертең мониторинг жасап, ауылдың мал дәрігері бар, әкімшілік мамандары бар, аралап шықтық. Еміл өзенінің маңындағы жылқылардың бәрін, ешқандай қоңыздың қатысы жоқ деп ойлаймын. Қоңыз жылқының үстінде тұрған жоқ. Олар шөпті жеп жатыр.