Талдыкөл ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр

Атырау облысындағы Талдыкөл ауылының тұрғындарын құтқарушылар қауіпсіз жерге көшіріп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл жұмыстарға жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің 30 маманы жұмылдырылды. Жолаушыларды тасымалдау үшін 6 автокөлік жеткізілді. Эвакуациялық пунктер Атырау қаласындағы колледжде және жергілікті қонақүйлердің бірінде дайындалды.