Құлсарыда баспана өтемақысын төлеу қарқын алды
Қазір Құлсарыда тасқын судан қираған тұрғын үйлерді тіркеу мен өтемақы төлеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Қазір 3 мыңға жуық өтініш түсіп, оның 2 700-і комиссияның қарауына жіберілді. Екі жарым мың үйге техникалық тексеріс пен бағалау жүргізілді. 756 үй апатты деп танылды. Алты отбасы өтемақы көлеміне келісті, оларға қаржы 14 күннің ішінде аударылады..
Жайлаш Мұқанова, Құлсары қаласының тұрғыны:
- Мен ризамын сол ақшаға. Себебі менің үйімді 25 млн-ға бағалап тұрса 240-пен одан көп сома аламын. Мен әуелде де бір сұхбат бергенде де айтқанмын. 400 мың теңге деген ауадағы ақшаны сұрамаймын. Маған қанағаттанатын сома берсе болды деп әуелде де сұхбатымда айтқанмын. Мен сол сұхбатымда тұрамын. Мен 240-қа потолок 240 деймін, мен соған ризамын.