Құлсарыда 200-ден аса үйдің бағалау қорытындысы шықты

Құлсарыда су тасқынынан бүлінген 200-ден аса үйдің бағалау қорытындысы шықты. Әзірге 14 отбасы баспанасының нарыққа сәйкес бекітілген бағасына келіскен.

Қазір олар тиісті өтемақыны күтіп отыр. Ал комиссия қорытындысымен келіспегендердің үйлеріне қайта бағалау жүргізіледі. Есептеу жұмыстарын 30 мамырға дейін аяқтау жоспарланған. Тасқыннан қираған үйлердің әр шаршы метріне 200 мың мен 240 мың теңге аралығында төленеді.

Нұрболат Сарманов, Жылыой ауданы әкімінің орынбасары:

- Қоғам болғаннан кейін бірен-саран адамдар болды. Бағасына келіспеу туралы. Әлі «заключениенің» қорытындысын көрмегеннен кейін ойын нақты айтпады. Көпшілігі, 95%-і, көп адам ондай сомаға келісетіндігін, сондай-ақ күрделі жөндеулері жақсы, нарықтағы бағамен шығатын болса, көпшілігі сондай пікірде. Біз 30 мамырға дейін «заключениесін», қорытындыны көрсетуге міндеттеме алып отырмыз.