Қоғамдық қордың қолдауымен Ақтөбе облысында 80 үй салынады

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен Ақтөбе облысындағы Құмсай және Ырғыз ауылдарында 80 үй салынады, деп хабарлайды 24KZ.

Бұған дейін Қор мен әкімдіктер арасында осындай бірқатар меморандум бекітілген. Соның негізінде Батыс пен Солтүстік Қазақстан, Қостанай мен Ақмола облыстарында 550-ге жуық тұрғын үй салынып жатыр. 1 сәуірден бері жанашыр жерлестеріміздің, шетел азаматтарының, түрлі ұйым мен компаниялардың қолдауымен қорға 6 млрд теңгеден астам қаражат жиналды.