Ақтөбедегі саябақтар тозып тұр
Ақтөбедегі қоғамдық демалыс орындарының жай-күйі сын көтермейді.
Тұрғындар сулы-жасыл гүлзар мен орталық саябақтың құлазып кеткенін айтып дабыл қағуда. Субұрқақтар істен шығып, жасыл-желектің орнын арамшөп басқан.
Мансұр Есқожин, тілші:
- Бұл гүлзар тұрғындардың сүйікті демалыс орны еді. Іргесіндегі Сазды өзені мен бірнеше субұрқақ, мәуелі тал-терегі аптап ыстықта сая болады. Жаяу жүргіншілер жолы мен тізе бүгетін орындықтары бар. Кешкілік әуезді ән тыңдайтын амфитеатр да болған. Алайда Ақтөбенің орталық мешіті мен шіркеудің арасындағы Бірлік пен Келісім деп аталатын гүлзардың жайы осы.
Сазды өзенінің бойында тұратын Әлібек Тұрғамбаев бұл саябаққа жиі келеді. Алайда соңғы жылдары «қоғамдық демалыс орны» деген аты ғана қалды дейді. Жасыл-желегі қурап, архитектуралық кешені қирап қалған. Электр желісі істен шыққан соң саябақ іші кешкілік қара түнекке айналады.
Әлібек Тұрғамбаев, қала тұрғыны:
- Мына парктің жағдайы міне көріп тұрсыз нашарлау. 3-4 жылдай болып қалды меніңше мынау айналып қалғанына. Тым жақсы мына ступенькалер бар еді. Соның барлығын алады да сындырады. Соны түсінбейміз. Ағаштарын егуін егеді ғой. Бізде бір ауру бар ғой. Мына 30 жылда еккеннен бері былай қарағанда бізде тайга болуы керек. Суармайды. Сол жері кемістеу бізде.
Суару жүйесімен қатар гүлзардың төріндегі қос бірдей субұрқақ та істен шыққан. Жалпы облыс орталығындағы 8 фонтанды жөндеуге былтыр бюджеттен 245 млн теңге бөлінген еді.
Айгүл Бәйменова, қала әкімінің баспасөз хатшысы:
- Күрделі жөндеу жасаумын деп міндетіне алған Шалқар бастау компаниясы жұмысын аяқтамай жұмысын аяқсыз тастап кетті. Сондықтан өткен жылы ЖКХ бөлімі сотқа берген болатын осы компанияны. Биыл компания жұмыстарды толық аяқтап, фонтандарды іске қосамын деп отыр. Сол 8 фонтанның біреуі сол біз айтып отырған водно-зеленый бульварда. Екіншісі орталық паркте.
Аталған саябақтың жағдайы да мәз емес. Әкімшілігі қираған субұрқақты қоршап, көзден көлегейлеп қойған. Қаңырап тұрған спорт алаңдарына жастар жоламайды. Жыл сайын сенбілікке шығып тал-терек отырғызған белсенділердің де еш болыпты. Себебі суару жүйесі істен шыққан соң жүздеген көшет қурап қалды. Қазір гүлзарларды ылғалдау? (суару үшін келетін көлік пе?) үшін су көлікпен ғана жеткізіледі. Қоғамдық демалыс орнының әкімшілігі саябақты жөндеуге енді кірісіп жатқанын жеткізді.
Жақсылық Өтебаев, саябақ директоры:
- Брусчаткалар ауыстырылып жатыр монтаж-демонтаж. Сосын ана көшенің алдындағы заборды сырладық. Плиткаларды салдық жаңадан. Сахнаны жасап жатырмыз қазір. Ертеңнен бастап мына прудты тазартайын деп жатырмыз бұйырса. Фонтанды осы прудқа көшірейін деп жатырмыз. Поющий фонтан болайын деп жатыр.
Су тасқынынан қираған Сазды өзенінің жағалауын да қайта жөндеу қажет. Жаяу жүргіншілер жолын төсеп, қоршауын қайта орнатуға шамамен 80 млн теңге қажет. Бұл жұмыс келесі аптада басталуы тиіс.
Авторлары: Мансұр Есқожин, Болатбек Молдағалиев, Айбек Даутов