Ән салады өткелдер...
Семейде жерасты өткелдері жөнделіп жатыр. Қазіргі уақытта қалада 8 жер асты өткелі бар, оның төртеуі былтыр жөнделген.
Облыс орталығындағы жалғыз жер үсті өткелінің жағдайы да көңіл көншітпейді. Мүгедек жандарға арналып салынғанымен істемей тұрған жеделсаты да биыл жөндеуден өтеді. Лифті жаңарады.
Бұған қоса қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қала бойынша жер асты өткелдерінде 70-ке жуық бейнебақылау камерасы орнатылады. Бұған жергілікті бюджеттен 31 млн теңге жұмсалмақ.
Жерасты өткелдердің бірінде талантты сазгер, «Вальс королі» атанған композитор Шәмші Қалдаяқов пен эстрада әншісі Батырхан Шүкеновтің бейнесімен муралдар салынған. Жұмыс толығымен мамыр айының соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Ерік Чағанов, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бас маманы:
- Музыкалық жанрда жүргізіліп жатыр. Енді музыкалық апараттар қойылып, осы кісілердің әндері шырқалады. Шамдарды, электр желісін толық ауыстырамыз. Былтыр камералар орнатқан болатынбыз. Биылға музыкалық апаратура қоятын боламыз. Жуу, бояу, сырлау және тактильный плиталарды ауыстыру деген сияқты жұмыстар жүргізіледі.