Тасқыннан соң. Құлсарыда бағалау жүріп жатыр
Құлсарының 600-ден астам тұрғыны су басқан мүліктің залалын бағалау нәтижелерін алды.
Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтан хабарлады.
Тасқыннан келген мүліктің шығынын бағалау тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар осы аптаның соңында аяқталады. Су тасқынынан зардап шеккендерге ақшалай өтемақы төлеу бойынша да ақпарат берілді.
Айгүл Ихсанова, Құлсары қаласының тұрғыны:
- Үйімізге дезинфекция жүргізді. Бағалау комиссиясы келіп, техникалық сараптама жасады. 15 мамырда маған бағалау нәтижелерін әкеліп таныстырды. Мен танысып, ақшалай өтемақы алуға бердім. Шотыма қаражат түсті. Мен үшін өтемақы көлемі жеткілікті.
Гүлфайруз Абирова, Құлсары қаласының тұрғыны:
- Үйім саман кірпіштен салынған болатын. Арнайы комиссия оны апатты деп таныды. Бүгін мен өз мүлкімді бағалау нәтижесін алдым. Көмек пен қолдау үшін мемлекетке алғысымды білдіремін.