Түркістанға ерекше мәртебе беріледі
Көне қаланы рухани-мәдени және тарихи орталық ретінде дамытуға бағытталған заң жобасын Үкімет Парламент Мәжілісіне ұсынады, деп хабарлайды 24kz.
Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған. Заң жобасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде берген тапсырмаларын іске асыру үшін әзірленді. Бұл құжат Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасында биіктігі 7 метрден асатын нысындарды салуға тыйым салмақ. 2021 жылы түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінің қорытындысы бойынша Түркістанды түркі әлемінің рухани астанасы деп тану туралы шешім қабылданған.