Үкімет басшысы жаңа қаланың даму барысымен танысты
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары барысында Қонаев және Алатау шаһарларын дамыту жоспарымен танысты.
Президент тапсырмасына сәйкес Қонаевтың дамуы жоғары экологиялық, «ақылды» қала тұжырымдамасына сәйкес келуі тиіс. Үкімет бекіткен Кешенді даму жоспарында алдағы үш жылда 187 іс-шараны жүзеге асыру көзделіп отыр.
Қонаев қаласында абаттандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Былтыр 106 км инженерлік инфрақұрылым желілері жөнделді. 610 пәтерлік 10 үй салынды. Биыл 32 үй құрылысы басталады деп жоспарланып отыр. Абанттандыру мен инженерлік инфрақұрылымды тартуға мемлекеттік бюджеттен де, жеке сектор тарапынан да қолдау көрсетіледі. Ал Алатау қаласы арнайы экономиалық аймақтың орталығына айналады. Аумағы 96 мың гектар жерде жалпы сомасы 383 млрд теңгеге 11 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл 7 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ облыста үш ауысымды мектеп мәселесі өзекті болып тұр. Былтыр өңірде 9 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Биыл бұл жұмыс жалғасын тапты. Іле ауданында 900 орындық мектеп салынып жатыр.
Ұлан Солтанов, "Sаmruk-Kazyna Construction" АҚ өкілі:
- Бүгінгі таңда 140-тан астам адам жұмыс істеуде. Монолиттік жұмыстары жалпы қазіргі таңда 75-80 пайызды құрайды. Мерзімі осы жылдың аяғына жоспарлануда тапсыруға.
Нысан құрылысымен танысқан Олжас Бектенов әлеуемттік ғимартарды салу жұмысында салғырттық жасалмау керектігін ескертті. Жалпы облыста «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 53 мектеп салу көзделген. Биыл 26 мектептің құрылысы аяқталу керек.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Президенттің мегажобасы ғой. Сондықтан барлығы сапалы, уақтылы тапсырылуы керек. Қатаң бақылау болу керек.
Сондай-ақ Үкімет басшысы бірқатар өндіріс орындарын аралап, Жетіген бекетінде салынып жатқан көлік-логистикалық орталықтың жұмысын көрді. Асқар Тоқпанов ауылындағы теміржол инфрақұрылымына қажетті бұйымдарды шығаратын ірі зауыт қызметкерлерімен кездесіп, олар қолданатын технологияға оң бағасын берді.
А. Садуақас, С.Жұмабаев