Заңсыз активтер: Мемлекет кірісіне қосымша 235 млрд теңге аударылады

Заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі комиссия мемлекет кірісіне қосымша 235 млрд теңге аударады, деп хабарлайды 24kz.

Оның 230 миллиарды Қаржы министрлігіне беріледі. Сондай-ақ жер қойнауын пайдалану кәсіпорындарының акциялары, жер телімдері мен Алматыдағы әкімшілік ғимарат мемлекеттің меншігіне өтеді. Жыл басынан бері комиссия шешіміне сәйкес жалпы құны 325 млрд сомасындағы активтер кері қайтарылған. Оның ішінде 13 мың гектар жер, тарихи-мәдени мұра заттары, зергерлік қымбат бұйымдар бар.