Қ.Тоқаевтың балаларды қорғау жөнінен тапсырмасы жүзеге асып келеді

Мемлекет басшысының балаларды қорғау саласындағы тапсырмасы іске асып келеді.

Мәселен «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан 400 мыңнан астам балаға көмек қарастырылған. Балабақшаның 97 мың тәрбиеленушісі мен 200 мың мектеп оқушысы тегін тамақпен қамтылды. Аз қамтылған отбасы балаларына 20 мың тегін жолдама берілген. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 740 мың оқушыға 369 мектеп салынады. Халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері де қолдауға ие болып отыр. Жыл соңына дейін 77, 3 мың жаңа орын ашылады. Инклюзивті білім беруге толық жағдай жасалған. Қосымша білім беру бойынша 3 миллион баланың 81 пайызы қамтылған. 410 колледжге 518 кәсіпорын қамқорлық жасап отыр. Мұнда студенттердің 85 пайызы жатақханамен қамтамасыз етілген. Балалардың құқығын қорғау бойынша тәлімгерлік институт енгізіліп, 21 мың 387 жетім баланың 17 мың 660-ын қазақстандық отбасылар тәрбиелеп алған.