Астанада «Ерлер дағдарысы» көрмесі өтті

Қазақстандағы алименттен жалтарған 200-ден астам азаматтың берешегі 20 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды 24KZ.

«Жаңа адамдар» жастар қозғалысының мүшелері осы тақырып аясында арнайы көрме ұйымдастырды. Халықаралық балаларды қорғау күні 100 мыңнан астам баланың әкесінен тиісті көмек ала алмай отырғандығын еске салуға жақсы мүмкіндік. Шара мақсаты – тұрғындардың назарын қоғамдағы осы мәселеге аударып, борышкерлердің жауапкершілік сезімін ояту.

Ілияс Исаев, «Нағыз азамат» азаматтық науқанының жетекшісі:

- «Ерлер дағдарысы» көрмесі – біздің бұл бағыттағы алғашқы жұмысымыз. Алимент тақырыбы – қазір шешімін таппай келе жатқан түйін. Бұған әрбір екінші қазақстандық көзін жұмып отыр. Қазір «Нағыз ер азамат» жобасын қолға алып жатырмыз.