Қонаевта «Тұғырлы туым» салтанатты іс-шарасы өтті
Қонаевта «Тұғырлы туым» патриоттық салтанатты іс-шарасы өтті. Парашютшілер еліміздің көк байрағын көкте желбіретсе, 30 байкерден тұратын мотоциклшілер шеруі жиналған жұртшылыққа мерекелік көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды 24KZ.
Мототехника мен ретроавтокөліктерді тізгіндегендер Іле ауданындағы Өтеген батыр кентінен шығып, Қонаев қаласының орталық алаңына дейін көк туды желбіретіп алып келді. Алматы облысында бүгін Мемлекеттік рәміздер күніне орай 300-ден астам іс-шара ұйымдастырылды.
Ермек Қомаев, қала тұрғыны:
- Енді мынау ұлттық нышан – үлкен мереке. Елтаңбамыз, Әнұранымыз, Туымыз желбіреп, 30 жылдың ішінде талай биіктерден көрінді. Бұл – жастардың рухын көтеретін үлкен бір нышандар. Болашақта осы үлкен биіктерден көрсетіп, туымыз желбірей берсін. Тек қана бейбітшілік болсын. Көңілім толып жатыр. Әсіресе мына жас буынның көп келуі - Отанға деген сүйіспеншілік деп ойлаймын мен.