Жезқазғанда Мемлекеттік ту көтерілді

Ұлытауда салынып жатқан рәміздер алаңының құрылысы жаздың соңына дейін аяқталады.

Әулиетаудың етегінде қазақтың бірлігін әйгілейтін сәулетті нысан ашуды Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында ел Президенті тапсырған болатын. Өткен жылдың күзінде басталған құрылыс жұмыстары қазір қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы Жезқазғанда өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде өңір басшысы айтты. Салтанатты шараға ақсақалдар, облыстық мәслихат депутаттары мен қала жастары қатысты.

Амандық Рахұлы, қала тұрғыны:

- Рәміздер күнін атап өту жас ұрпаққа да, үлкендерге де ерекше рух, ерекше бір Отанға деген сүйіспеншілік сезімін еселеп, жақсы әсерге бөлейді. Бұл да – бір салтанатты шақ, мерейлі шақ. Көк туымыз желбірей берсін, Әнұранымыз шырқала берсін.