Қызылордада 851 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Шаһарда 55 млн теңгені құрайтын жер учаскесі ұзақ жылдар бойы игерілмеген.

Бұл туралы Қызылорда облысының прокуратурасы мәлімдеді. Қазір жер пайдаланушыларға берілген талапты орындамаған 16 тұлға жауапқа тартылды. Сондай-ақ уәкілетті орган нұсқамалар беріліп, мәжбүрлеп мемлекетке қайтару шаралары жүріп жатыр.