Ақтөбеде саябақтар мен гүлзарлар тазартылды
Ақтөбеліктер «Таза Қазақстан» акциясы аясында бірнеше саябақ пен аллеяны абаттандырып, күл-қоқыстан тазалады.
Мыңдаған адам ат салысып, 120 тонна қоқыс шығарды. Олардың арасында мемлекеттік қызметшілер, коммуналдық мекеме, білім беру орындары мен түрлі кәсіпорындардың ұжымдары бар. Денсаулық сақтау ұйымдары да тыс қалмады. «Жасыл ел»жасағының мүшелері де өз үлесін қосты. Тазалық шарасы кезінде саябақтардағы жүргіншілер жолдары түгел тазартылды. Экологиялық акция басталғалы өңірде заңсыз қоқыс төгетін орындар азайды.
Жасұлан Ысқақов, электр энергиясымен қамтушы компанияның инженері:
- Біз бүгін саябаққа мекемеміздің атынан 15 адамдай келіп отырмыз. Сол белгіленген учаскемізді бәрін тазалап, жиыстырып жатырмыз. Елімізде әрдайым тазалықта, тәртіпте бірге болмақ!
Бижан Қалмағанбетов, облыстық мәслихат депутаты:
- Жас ұрпаққа біз сияқты азаматтар, біздің буын үлгі көрсетуі керек. Сол бағытты бүгін "Таза Қазақстан" акциясы өтіп жатыр. Бізде қала тұрғындары да сол қаланы таза ұстауымыз керек. Неге десеңіз бұл Ақтөбе - әсем қала.