Интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Бас прокуратура елде интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын, уақыт өткен сайын алданып қалған адамдардың саны артып келе жатқанын мәлімдеді.

«Алаяқтар жәбірленушіге құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде бейнеқоңырау арқылы хабарласып, белгісіз тұлғалар жәбірленушінің атынан несие алуға әрекеттеніп жатқаны туралы жалған ақпарат береді. Осы несиені жою үшін дереу жаңа несие алуға банк бөлімшесіне баруды ұсынады. Банктен алған несие ақшасын жаңа қауіпсіз шотқа аударуды өтінеді. Бұл – алаяқтардың шоты», – дейді Бас прокуратура таратқан ресми хабарламада. Бас прокуратура құқық қорғау органдары қызметкерлері видеоқоңыраумен ешқашан хабарласпайтынын, мұндай форматта жұмыс істемейтінін ескертеді. Бөтен адамға, тіпті құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне де банк мәліметтерін бермеу керек екенін, күмәнді жағдайлар туындағанда 115 нөміріне қоңырау шалуды ескертеді.