Биыл Түркістан облысындағы 29 елді мекенге ауызсу құбыры тартылады
Биыл Түркістан облысында 29 елді мекенге ауызсу құбыры тартыла бастады, деп хабарлайды 24kz.
Оған 6 миллиардтан астам теңге жұмсалады. Қаражат республикалық және облыстық бюджеттен бөлінді. Өңірде 829 елді мекен болса, соның 739-да орталық су желісі бар. Осылайша, ауызсу құбыры жоқ 90 елді мекен қалып отыр.
Руслан Мұздыбеков, Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
- Оның 20 елді мекені халық санының аз болуына, тұрғындарының көшуіне байланысты қысқартылып отыр. Сонда алдағы уақытта бізде 70 елді мекен қалып отыр. Соған сәйкес, су көзін анықтау, іздеу, барлау жұмыстары, жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. 2025 жылдың қорытындысымен біз осы қалған 70 елді мекеннің барлығын 100% ауызсумен қамтуды жоспарлап отырмыз.