Атырау облысында төтенше жағдай кезеңінде 1846 сәби дүниеге келді

Атырау облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген кезеңде 1846 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды 24kz.

Оның 961-і ұл, 885-і қыз бала. Бұл жайында облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Оның ішінде бірнеше жас ана нәрестесін Маңғыстау облысындағы перзентханаларда өмірге әкелген.