Ақсуат ауданындағы алқаптарда шегіртке қаптады

Ақсуат ауданындағы алқаптарды шегіртке жайлап барады, деп хабарлайды 24KZ.

Тұрғындар зиянкестің тез арада далаға тарап, егістік жерлерге жайылғанын айтып дабыл қағып отыр. «Итальян шегірткесі» түріне жататын жәндікке қарсы химиялық өңдеу жұмыстары қолға алынды. Құмкөл ауылдық округіне қарасты 1500 гектар ауыл шаруашылығы жері өңделіп жатыр. Бұған қоса Ойшілік ауылдық округінің Көкбастау, Айнабастау елді мекендері мен Қызылкесік ауылдық округінің Үштөбе ауылындағы егістік алқаптар дезинсекцияланады.

Ертай Қуанбаев, Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Облыс бойынша негізгі жоспарға сәйкес 77 га жер өңделуге жатады. Соның ішінде шегіртке бойынша 20 мың га және үйірлі емес шегірткелерге 2 мың га өңделді. Облысымыздың барлық ауылында өңдеу жұмыстары жүгізіліп жатыр.