Елімізде туристік нысандар салуға мемлекеттен берілетін жеңілдік көп

Былтыр Қазақстанның көрікті жерлерін аралауға шетелден 9 млн-нан астам турист келіп, олардың 1 млн-ы қонақүйлерде тоқтаған, деп хабарлайды 24kz.

Ал биыл олардың қатары 1,5 млн-ға дейін жетеді деген болжам бар. Салаға тартылған инвестиция көлемі де артқан. Мәселен, былтыр туризм бағытына 800 млрд теңге инвестиция құйылған. Оның ішінде қонақүй салуға қызығушылық арттырған қалталы азаматтар көп. Инвестицияның 140 млрд теңгесі осы бағытқа жұмсалды. «Бұл ретте мемлекет тарапынан да бірқатар жеңілдік бар», - дейді жауаптылар. Бұл ретте Президент салаға қаржы құюға дайын, инвесторларға бос туристік орындардың тізімін жасау, цифрландыруды тапсырды.

Даниел Сержанұлы, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Туристік жерлерге қонақүй салса, басқа да туристік нысан салса, мемлекет қаржының 10%-ін қайтарып береді. Бұдан басқа, біздің министрліктің бастамасымен оларға қолдау қаржылар, яғни кредиттер беріліп отыр. Олардың мерзімі 7-ден 10 жылға дейін ұзартылды. Себебі көптеген жобалардың өзін өзі ақтау мерзімі 10 жылдан асады.