Аптап ыстық: Павлодар облысында тұрғындардың есінен танып қалуы жиіледі

Павлодар облысында аптап ыстық жұртты әбігерге салды, деп хабарлайды 24KZ.

Қоғамдық орындарда өзін жайсыз сезініп, тіпті есінен танып қалған тұрғындар бар. Әсіресе созылмалы ауруы бар науқастарға қиын. Ауа температурасы 30 градустан түспей тұр. Жедел жәрдем қызметіне тәулігіне 900-ден аса тұрғын жүгінген. Аптап ыстықтан құлағандар арасында жастар да бар. Мамандар ыстық күндері далаға себепсіз шықпауға кеңес береді.

Асқар Ғазизов, облыстық жедел жәрдем бекетінің баспасөз хатшысы:

- Қоғамдық орындарда адамдардың есінен танып қалу жағдайы жиілеген. Біз қала мен облыс тұрғындарын қатты ыстықта далада көп жүрмеуге шақырамыз. Бас киімсіз жүрмеңіз, мейлінше ашық түсті киімдерді таңдаған жөн. Өзіңізбен бірге әрдайым су алып жүргеніңіз абзал.