Елімізде Jas Kenes Siylygy конкурсына өтінім қабылдау басталды

Қоғам үшін маңызы зор сала қызметкерлері арасында «Жас кеңес сыйлығы» конкурсы жарияланды, деп хабарлайды 24kz.

Оған құтқарушылар, полицейлер, өрт сөндірушілер, акушерлер, жедел жәрдем қызметкерлері, тау-кен өндірісі мамандары қатыса алады. Бұл басшылық қызметтегі емес, қарапайым жұмыскерлер арасындағы жарыс. Үміткер Қазақстан аумағында тұратын, жасы 35-ке дейінгі азамат болуы шарт. «Жас кеңес сыйлығы» Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен ұйымдастырылған. Бас жүлде – 1 миллион теңге. Конкурсқа өтінім қабылдау 18 маусымнан, яғни, бүгіннен бастап 21 шілдеге дейін жалғасады. Сайысқа Жаскеңес.kz сайты арқылы тіркелуге болады. 7 номинация бойынша 14 жеңімпаз анықталады. «Олардың әрқайсысына 1 миллион теңгеден табысталады», - дейді ұйымдастырушылар. Үміткерлер өздері жайлы резюме, эссе жазып, ақпарат беруі тіис.

Әділ Құсманов, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшесі:

- «Жас кеңес сыйлығы» – бұл тәуелсіз премия. Жастарға арналған. Конкурсымыз 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең өтінімдерді қабылдау, тексеру. Екінші кезеңде кандидаттардың резюмелерін және мотивациялық эсселерін тексеру. Оларды бағалаймыз және үшінші кезең интервью, сұхбаттасу. Біз осы интервьюге 5-7 кандидатты шақырамыз және әр саладан екі кандидатты сайлаймыз. Осы екі кандидат біздің жеңімпаздар атанады.