Индер ауданында 160 пәтердің құрылысы жүріп жатыр

Атырау облысы Индер ауданының орталығында 160 пәтердің құрылысы жалғасты, деп хабарлайды 24kz.

Көктемгі тасқын кезінде барлық техника мен адам күші бөгет соғуға жұмылдырылған. Енді қауіп сейілген соң құрылысшылар алаңсыз іске кірісті. Биыл аудан орталығында көпқабатты екі үй тапсырылуы тиіс. Қазір қабырғаларды әктеу-сырлау, есік-терезе қондыру секілді жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен қатар әлеуметтік нысандардың да құрылысы қолға алынды. Жақында төрт ауылдық округте мектеп жанынан спорт алаңдарының құрылысы басталмақ.

Дарын Ілиясов, Индер аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Әктеп, дайындап болған соң, еденнің төсеніштері төселетін болады. Сонымен қатар кәріз, электр желісі, су барлығы жүргізілген. Енді ішкі жұмыстарымен қатар ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу мерзімін 2024 жылдың соңына жоспарлап отырмыз.