ШҚО-да инженерлік жүйелер жаңартылып жатыр

Шығыс Қазақстан облысындағы Жаңа Бұқтырма курорттық кентінде су құбырлары мен жылу желілері қайта жаңартылып жатыр.

Өйткені жарты ғасыр бұрын салынған инженерлік жүйе ескіріп, жыл санап өсіп келе жатқан елді мекенге қызмет көрсетуге қауқары жетпей қалған. Кәріз жүйесі мен тазарту қондырғыларының қуаты да төмен. Жаңғырту жұмыстарына 1 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылған. Инженерлік желілерден бөлек кентті абаттандыру бағытында бірқатар жобалар жүзеге асуда. Елді мекендегі негізгі көшелер мен дәрігерлік амбулаторияда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жаңа Бұқтырма кенті өңірдегі туристер көп аялдайтын орындардың бірі. Әсіресе демалыс күндері мұнда 50 мыңға жуық адам келеді. 

Нұржан Қанапин, Жаңа Бұқтырма кентінің әкімі:

- Тазарту қондырғыларын жаңғырту жобасын әзірлеп жатырмыз. Себебі қазіргі қолданыстағы жүйе Кеңес заманында салынған. Тұрғындар саны артқан сайын оның қуаты жетпей жатыр. бүгінде біздің елдімекенде 4 мыңнан астам адам тұрады. Ала жаздай демалыс күндері Өскеменнің тең жартысы бізге демалуға келеді.