ҚМДБ: Қазақстаннан қажылыққа барғандар зардап шекпеді
Қажылықта қазақстандықтар зардап шеккен жоқ.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осылай деді. Қажылық миссиядағы дәрігерлер тобының жетекшісі Ардақ Айтбайұлының айтуынша, медициналық орталық көмегіне аптап ыстық күндері 703 қажы жүгінген. Қазіргі таңда аталған науқастар толық бақылауда, жағдайлары бірқалыпты. Одан бөлек елімізден әкелінген дәрі-дәрмек қоры да жеткілікті дейді, дәрігер. Айта кетейік, Қазақстан қажылық миссиясының құрамында барлығы 20 білікті медицина маманы бар. Олар күндіз түні тұрақты ем-шара жұмыстарымен айналысып жатыр.