Петропавлда судан зардап шеккен тағы 47 отбасы баспаналы болды
Петропавлда су тасқыннан зардап шеккен тағы 47 отбасы баспаналы болды.
«Бірлік» шағын ауданында жаңа үйлер пайдалануға берілді. Салтанатты шараға Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қатысып, қоныс иелерін құттықтады.
«Бірлік» шағын ауданындағы жаңа үйлердің біреуі Ғалия Хамзинаға бұйырды. Тасқыннан кейін оның үйі апатты деп танылып, тұруға жарамай қалды.
Ғалия Хамзина, қала тұрғыны:
- Біздің үй кішкентай болып еді. Міне үлкен үй берді. Енді осы үйде жақсы той - думан болып, үйлері әдемі, бүкілі бар. Мебель бүкілі жақсы. Жылағым келіп тұр қуанышымнан. Көп - көп рақмет.
«Бірлік» шағын ауданында дайын болған үйлердің бүгін екінші легі тапсырылды. Осылайша су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға барлығы 100 баспана берілді. Енді бұзылған инфроқұрылым қалпына келтіріледі.
Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Біраз жолдар қиратылды. Электр торабына зиян келтірілген. Соның бәрін мәселесін жөндеуге қазір жергілікті билік тиісті құжаттарды әзірлеп, келесі аптада тиісті министрлікке жібереді. Екі аптаның ішінде керек болған қаражатты аударатын боламыз.
Жалпы облыс бойынша 4 мыңға жуық үйді су басты. Қазір зардап шеккен тұрғындарға үймен бірге пәтерлер сатып алынып жатыр. Әзірге қор есебінен 300-ге жуық келісім-шарт жасалды.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:
- «Бірлік» шағын ауданында көктемгі тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға тағы 600 үй салынып жатыр. Олар күздің алғашқы суығы түскенше, яғни қазан айына дейін тапсырылуы тиіс.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков