Қ.Бишімбаевтың үкімін жеңілдетуге пара сұраған күдікті ұсталды

24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдетпек болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды 24kz.

Осы үшін ол Қ.Бишімбаевтың туыстарынан 100 млн теңге пара сұраған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мамандарына экс-министрдің ет жақындары осындай өтінішпен жүгінген. Оның негізінде «Г» есімді елорда тұрғыны қамауға алынды. Әзірге күдікті аса ірі көлемде пара беруге итермеледі деген бап бойынша тергеліп жатыр. Қылмыстық әрекетінің басқа да жағдаяттары тексеріледі.