Ұлттық инфрақұрылым: ұтамыз ба, ұтыламыз ба?

Үкімет ұлттық инфрақұрылым жоспарын әзірледі. Оған 200-ден астам жоба енгізілген.

Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, тиісті жұмыстар 2029 жылға дейін жалғасады.

Қазірдің өзінде 17 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олар энергетика, көлік, логистика, су шаруашылығы және цифрлық инфрақұрылым салаларын қамтиды.

Нұрлан Байбазаров, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі:

- Былтыр «Достық – Мойынты» жолы, Алматыны айналып өту жобасы басталды. Сонымен қатар биыл жаңадан «Мақтаарал – Дарбаза», «Аягөз – Бақты» темір жолдары салынады. Бұл жобаның іске асырылуы еліміздің көлік-транзит әлеуетін арттыруға бағытталады.