«Терезенің жақтауына ойып жаздым атыңды..» Қазақстандық турист босатылды
Италияда вандализм жасағаны үшін ұсталған Қазақстан азаматы босатылды.
Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді.
Құқық қорғау органдары барлық қажетті рәсімдерді орындағаннан кейін отандасымыз босатылды. Осы оқиғаға қатысты сот ісі одан әрі әкімшілік тәртіппен жүргізілетін болады, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Италияның қауіпсіздік қызметкерлері, Помпеи археологиялық паркіндегі ежелгі тұрғын үйдің сыртына, өз атын ойып жазған қазақстандықты ұстаған болатын. Енді ер адам келтірген залалды толық өтейді.