Шымкентте жылан қаптап кетті
Соңғы айларда құтқарушылардың көмегіне 120 адам жүгінген.
Бауырымен жорғалаушылар тұрғын үй мен аулаларға кіріп, жұрттың үрейін туғызып жатыр. Жедел құтқару жасағы бұл жағдайға олардың жұптасу кезеңі мен күннің күрт ысуы да әсер етуі мүмкін екенін айтады. Аптап кезінде жыландар жертөле мен туннельдерден де табылды. Мамандар оларды арнайы құралдың көмегімен ұстап, қала сыртына шығарып тастады.
Орынбасар Төртбаев, қалалық ТЖД жедел құтқару жасағының бастығы:
- Шақырылымдар күніне 5-6 рет боп тұрады. Кей апталарда күніне он шақты шақырылымдар шығып тұрады. Енді әртүрлі болады жыландар. Улысы да бар, улы емесі де бар. Көбіне усыз. Сары жылан, қара жыландар, шұбар жыландар кездеседі. Біздің жігіттер оларды алып, қауіпсіз жерлерге шығарып тастайды.