Су тасқыны. Баспанасыз қалғандарға үй берілді
Су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлерді қалпына келтіруге 257 млрд теңге қажет.
Бұл туралы Үкімет отырысында вице-премьер Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
Бүгінде су астында қалған 18 мыңнан аса баспана тексеріліп, 16 мыңға жуық нысанды бағалау аяқталды. Нәтижесінде 8 мыңнан астамының жөндеуге жарамайтыны анықталды. Далада қалған тұрғындарға жаңа үй сатып алып беріледі немесе жаңа баспана салынады.
Қазіргі уақытта 6 176 отбасына 40 млрд теңгеге өтемақы берілді. Тағы 3 мыңнан аса жанұя жаңа пәтерлеріне кірді. Бір жолғы өтемақы мен қосымша көмек те уақытылы көрсетіліп жатыр.