Құмар ойынға қатысты петицияға 50 мың адам қол қойды

Мемлекеттік қызметкерлер мен әскерилердің құмар ойын ойнауына тыйым салу мәселесі қарастырылуда, деп хабарлайды 24kz.

Елде тиісті петицияға 50 мың адам қол қойған. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев мәлімдеді. Сондай-ақ ол кодекске сәйкес ведомство 40 күн ішінде шешім қабылдауы тиіс екенін атап өтті. Қазір министрлік ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту және лудоманияның алдын алу жөніндегі жұмысты бастады.